Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 40 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ҒИМАРАТ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 40 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ҒИМАРАТ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Жыл басында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып,  үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндетті жүктеген болатын.
Осы орайда, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына арнайы барып, театрдың тыныс-тіршілігімен, ондағы шығармашылық атмосферамен танысты. Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы — Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл!
Көрермен көзайымы болған театр репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары сахналанып, қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым жоспарланған. «Алтын қордағы» ертегілермен қатар, қазақстандық, шетелдік, жергілікті авторлардың шығармаларынан ересектерге арналған туындылар сахналанып келеді.
Дегенмен, театрдың бүгінгі түйінді мәселесі – өнер ұжымына берілген ғимараттың ескіріп, тозуы. Қала басшысымен кездесу барысында осы мәселе қозғалды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта ғимарат мәселесін шешу жолы мен ұсыныстар әзірлеуді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына тапсырды.
Айта кетейік, мәденит, өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында театр 17 шетелдік, оның ішінде Перу, Эстония, Латвия, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Корея, Иран мемлекеттері және 7 қазақстандық, Алматы, Ақтөбе, Қостанай қалалары мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театрларымен екі жақты меморандум жасалды. Алдағы уақытта театрдың 40 жылдық мерейтойына орай халықаралық қуыршақ театрлары фестивальін өткізу жоспарлануда.
Театр Қарағанды қаласында өткен «Куклияндия» халықаралық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, үздік балалар қойылымы атты номинацияны жеңіп алды. Мұрат Дүйсенбекұлы өнер ұжымының басшылығы мен театр труппасына шығармашылық шабыт пен өрлеу тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*