Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Осы орайда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер мекемелер 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізуде.
Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Береке ш/а. 276 орамда ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілсе, қазіргі таңда Жангелдин көшесі №14 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасы салынып, халыққа пайдалануға берілді. Жалпы аудан аумағында 105 ашық спорт алаңшасы орнатылған.
Көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын тиімді жүргізу үшін аудан аумағы көлеміне қарай 7 секторға бөлінген. Ішкі орамдағы аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.» ЖШС және «Жасыл Ел» ЖШС айналысуда. Жалпы саны 150 жұмысшы мен 16 техника жұмыс жасауда. Сонымен қатар, аудан аумағындағы ағаштарды әктеу, шөп ору, қураған ағаштарды кесу жұмыстарымен «Сенімді құрылыс» ЖШС және ЖК «Шәріпбай» айналысуда. Жалпы саны 11 техника, 69 жұмысшы, оның ішінде 22 орақшы жұмылдырылған.
Аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшасына жалпы 1037 қоқыс контейнері қойылған. Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшаларындағы және басты, ішкі орам көшелеріндегі қоқыстарды тасымалдаумен ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-і мекемелері айналысады. Ағымдағы жылы 120 қоқыс алаңшасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 332 қоқыс жәшігін (контейнер) жаңарту үшін бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда, мемелекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағындағы орталық көшелерге мрамордан жасалған, көлемі үлкен 200 қоқыс жәшігін (урна) орнату жоспарланған.
Аудан аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп, бірінші кезекте (маңызды) ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелердің тізімі анықталды. 2022 жылы 28 көшеге ирригациялық арық орнатылса, 2023 жылы 5 мекен-жайға жалпы ұзындығы 1,3 шақырымға ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан аумағында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 233,2 шақырымын (89,7%) асфальт жол, 22,5 шақырымын (8,7%) тас жол және 4,3 шақырымын (1,6%) топырақ жол құрайды.
2023 жылы барлығы 28 көшеге ораташа жөндеу мен 12 көшеге шағал тас төсеу бойынша ұсыныстар қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізіліп, қазіргі таңда қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 13 көшеге асфальт жабындысы төселді.
Аудан аумағындағы 110 көше жарықтандырылған. 2023 жылы 14 көшені жарықтандыру мақсатында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына ұсыныс енгізіліп, оның ішінде 8 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.