Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ: А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ 82% ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ 82% ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді.
Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.
Шымкент қаласы үшін ең маңызды мәселенің бірі —жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу.
Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады.
Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.
Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
 Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.
Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*