Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНА СӨГІС БЕРДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНА СӨГІС БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Осы орайда, бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов арнайы жиында алдағы жылу маусымына дайындық шараларын пысықтап, өзекті мәселелердің шешімін қарастырды. Қазір қала аумағында бөлек орналасқан 23 жылу қазандығының 19-ы қысқы маусымға дайын. Қалған қазандықтар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар кестеге сәйкес,15 қыркүйегіне дейін толық аяқталады. Орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясының 13-ы дайын, қалғанында тиісті шаралар жалғасуда.
М.Дүйсенбекұлы былтырғы қыстың тым қатал болғандығын ескере отырып, кемшіліктерді болдырмауды назарға алу қажеттігін атап өтті. Сондықтан жылу маусымына дайындықты барынша күшейтіп, қажетті шаралардың барлығын мерзімінде орындауда нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін жылу құбырлары жүргізілген аумақтарды дер кезінде қалпына келтіруді ескертті. Өзекті мәселелелер туындаған көпқабатты тұрғын үйлерге басымдық беріп, ішкі жүйелерді қалпына келтіру бойынша тұрғындардың жауапкершілігін арттыруда шаралар қабылдауды ескертті.
Жиында қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембековке жұмысты үйлестіруде салғырттық танытқаны үшін сөгіс берді. Жауаптыларға қала аумағындағы барлық мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйелері мен қазандықтардың қысқа дайындығын тездету және жұмыстарды сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*