Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз, деп айтқан болатын.
Шымкентте зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 230 мыңнан астам.
2023 жылдың І тоқсанында азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 29 530 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің Шымкент қаласы бойынша басшысы Бахтияр Әлтайұлы баспасөз брифингінде мәлімдеді.
– Медициналық-әлеуметтік сараптама жұмыстары бойынша қаладағы мүгедектігі бар азаматттар – 40597.
2023 жылдың І жарты жылдығында қайта куәландырудан 5426 азамат өткен. Оның ішінде мүгедек деп танылғандар – 4507 адам, ал – 351 толық оңалтылған.
Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 963 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, – деді Б.Әлтайұлы.
Сондай -ақ департамент тарапынан мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, транспорттық қызмет көрсету саласында әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектерді қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша 69 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 30 жоспарлы, 39 жоспардан тыс, прокуратураның қаулысы негізінде — 15 тексеру жүргізіліпті.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 46 нұсқама беріліп, 20 әкімшілік іс қозғалған.
Брифинг барысында биыл шілде айында қолданысқа енген әлеуметтік кодекс бойынша көрсетілетін медициналық көмектер, мүгедек бала асыраушы отбасыларына қарастырылған жеңілдіктердің іске асуы жөнінде де атап өтті.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары