Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕКІ КӨШЕДЕГІ СУ ЖИНАЛАТЫН АУМАҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ 5 КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕКІ КӨШЕДЕГІ СУ ЖИНАЛАТЫН АУМАҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ 5 КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Шымкент қаласының аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапты. Ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың азайғаны байқалды. Дегенмен, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі қыруар. Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан осы бағытта атқарылған жұмыстар пысықталып, алдағы жоспарлар бекітілді.
Мердігер мекемелердің жауынды-шашынды мезгілдерге дайындығы тиісті басқарманың жіті қадағалауында. Су жиналатын аумақтарға 100-ден аса жұмысшы, 50-ден аса арнайы техника мен 16 мотопомпа жұмылдырылады. Қазіргі таңда су басу қаупі бар орындар бақылауда.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға бір ай ішінде қаладағы қауіпті нүктелерді назарға алып, ирригацияны ретке келтіруде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Арғынбеков, Бәйтереков көшелерінденгі су жиналатын аумаққа қақпақшалар орнатуға 5 күн мерзім бекітті. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және жол бойында кептелістерді болдырмау мақсатында су тартатын арнайы техникаларды барынша аз пайдаланып, ирригациялық жүйелер орнатуда тиімді шешімдер қабылдауды ескертті. Бұл ретте мердігерлерді арық-атыздар жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтауға шақырды. Сонымен қатар магистраль көшелер бойындағы су жиналатын орындарға қатысты тиісті шараларды жедел атқаруды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*