Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҰРАН: ҰЗЫНДЫҒЫ 32,3 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 39 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ТҰРАН: ҰЗЫНДЫҒЫ 32,3 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 39 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді.
Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.
Бүгінде аудан аумағында жалпы ұзындығы – 299,8 шақырымды құрайтын – 597 көше бар. Оның 231,0 шақырымы асфальт, 41,6 шақырым шағал тас болса, 21 шақырымды топырақ көшелер құрайды.
2023 жылы 32,3 шақырымды құрайтын 39 көше асфальттау жоспарланған.
Бүгінгі таңда, Жаңаталап е/м 2 көшеге асфальт салу жұмысы жүріп жатыр. Ал, Агропром ш/а 2 көшеге (Ақбаян, Алтынтөбе), Айкөл ш/а 2 көше асфальт төселді, Құрсай ш/а Бекболатов, Құлантөбе, Таңбалытас, Мамешов, Ақөзек, Сатқанбайұлы, Сатытау, Ақбастөбе, Тұрбат, Өзкент көшелерге асфальт төсеу жұмыстары басталды. Ағымдағы жыл соңына дейін толық бітіру жоспарда бар.
Шағал тас төсеу бойынша 1-ші кезең жоспарына сәйкес жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Құрсай ш/а 40 көшеге 21,1 шақырым жоспарланған.Бүгінгі таңда, 32 көшеге шағал тас төселді.
Шағал тас төсеу бойынша 2-ші кезеңмен Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан Жаңаталап 12 көше, Арғымақ 6 көше, Ақжар 6 көше, Ақтас 10 көше, Ақтас-2 11 көше жалпы 45 көшеге 20,2 шақырым жоспарланған.
Тұран ауданына қарасты Қазығұрт, Наурыз, 112 орамда жалпы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын, 9 көшеге ирригация салынып, пайдалануға берілді. 25 көшеде арық салу құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Олар, Қазығұрт ш/а: Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көше. 112 орам: Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері, Наурыз ш/а: Жанкент көшесі, Түркістан ш/а: Жанқожа батыр көшесі. Сонымен қатар, биылғы жылы аудан аумағына су сүзгісі қойылған 13 ауызсу бұрқағы орнатылып, халықтың алғысын алуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*