Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР 100 % САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР 100 % САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Бүгінгі уақытта Тұран ауданы аумағында орналасқан елді мекендердің 99,5%-ы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта  өткен брифингте Тұран ауданының әкімі Б.Н.Булатбеков мәлімдеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Осы күнге дейін кестемен ауыз су тұтынып келген Құрсай елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысы 2021 жылы басталып, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 95 пайызы аяқталды. Нәтижесінде, 2023 жылы ауданындағы елді мекендер 100 % сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Тұран ауданы аумағын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 95,5%-ды құрайды. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы осы елді мекендер табиғи газбен қамтылатын болады. Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99%- ға жеткізіледі.

Бүгінде Тұран ауданындағы елді мекендердің 99,5 % электр қуатымен қамтылған. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жыл атқарылады. Нәтижесінде, 2024 жылы аудан аумағындағы елді мекендер 100% сапалы электр қуатымен қамтылады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*