Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР НӘТИЖЕСІНДЕ 241 АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР НӘТИЖЕСІНДЕ 241 АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Әрекетсіздік танытып, заңнаманы белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы қалалық Ақпараттық-коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Н.М.Исабеков мәлімдеді.
 Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет.
Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады. Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыз бойынша осы жылы 1 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылған.
Департамент 2023 жылы сот орындаушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 1 602 жолданым мен 7 755 сұраныс хатты қарады. Түскен жолданымдар келесідей сипаттамалардан тұрады: 46,1% алимент өндіру, 17,7% ақша қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру, 36,2% тыйымдарды және мәжбүрлеп өндіру шараларының күшін жою. Келіп түскен жолданымдардың 72-сі, бұл 4,5%, оң негізін тапқан.
Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.
Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.
Осы орайда, сот орындаушыларының өндіріп алушылардың өтініштерімен полиция органдарына жолдаған материалдары бойынша жалпы 4 қылмыстық іс сотқа өтіп, 4-не қатысты айыптау үкімдері шыққан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*