Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ДӘРІГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ БҮЙРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАСЫН СӘТТІ ЖАСАП ШЫҚТЫ

ДӘРІГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ БҮЙРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАСЫН СӘТТІ ЖАСАП ШЫҚТЫ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.
Шымкентте туыстық трансплантация отасы сәтті өтті. Бұл жолы дәрігерлер 1986 жылғы науқасқа туған бауырының бүйрегін хирругиялық жолмен салып берді. Ағзасын алмастырған науқастың жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлер ағзасын берген донорды бүгін ауруханадан үйіне шығарды.
Операциядан кейін науқастың хал жағдайын білу үшін қаланың бас дәрігері арнайы өзі ауруханаға келіп, пациентпен тілдесті.
Ағзасын алмастырған науқас 1986 жылғы қала тұрғыны, алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған. Отадан кейін пациент гемодиализге тәуелді болмай, қалыпты өмірге оралған.
Ағзаны алмастыру отасы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өтті. Бұл бүйректі алмастыруға арналған 205-ші ота.
— 2013 жылдан беріп ауруханада Мади Хожаұлының бастамасымен ота жасалып келеді. Кореядэ, Беларуссиядан мамандар келіп, осында шеберлік сабағын өткізді. Бүгінге дейін ауруханада 205 бүйрек және 32 бауыр алмастыру операциясы жасалған. Шымкент қаласында ағза алмастыру отасы сәтті дамып келеді. Жақында кардиологтар жүректі алмастыру отасын сәтті жасап шығып, біліктіліктерін дәлелдей білді. Мұндай жүректі алмастыру отасы көрші Орта Азия елдерінде жасалмаған. Ағза алмастыруды қажет ететін науқастардың саулығын жақсарту үшін біз енді мәйіттік трансплатацияны дамытуымыз қажет. Бүгінгі бүйрек алмастыру отасын сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысымды білдіремін, — деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*