Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҒАБИТ ӘБДІМАЖИТҰЛЫ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҒАБИТ ӘБДІМАЖИТҰЛЫ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысып, қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатураларын таныстырды. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқыды. Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Р. Мыңбаевқа дауыс беріп, 19 депутат Ғ. Сыздықбековтің кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты.
Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.
2005-2006 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы
2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы
2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды
2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі
2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі
2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
2021 жылғы шілдеде ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*