Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: “БІР ҮЙ – БІР БІРЛЕСТІК – БІР ШОТ” ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТИІМДІМІГІ КӨП

ШЫМКЕНТ: “БІР ҮЙ – БІР БІРЛЕСТІК – БІР ШОТ” ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТИІМДІМІГІ КӨП

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Бүгінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қаралған өзгерістерге сай көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Аудан әкімдіктері тарапынан тұрғындар арасында жаңа реформаның тиімділігі бойынша түсіндіру шаралары жүргізілуде. Осы бағытта сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар аудан әкімдіктеріне және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласа алады. Өзгеріске сәйкес, «Бір үй –бір бірлестік-бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесі таңдалады. Тұрғындарға тиімділігі:
*Үйлерді күтіп ұстауға жиналған өз қаражаттарына бақылау жүргізеді
* Жұмыстарға тапсырыс беруші және мердігерлерден жұмыстарды бағалап, қабылдайды
*Тұрғын үй маңындағы учаскелерге мемлекеттік акт рәсімдеу жергілікті басқару органдары есебінен жүргізіледі
*Кондоминиум объектісі ретінде тіркелген немесе басқару нысаны бар тұрғын үйлер қайтарымды қаражат негізінде республикалық бюджеттен күрделі жөндеуден өтеді
* Қайтарымды қаражат негізінде жергілікті бюджет есебінен лифттерді ауыстыруға және жөндеу жүргізуге болады
* Тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес жайларды жалға беру, жарнама орналастыру арқылы түскен қаражатты үйдің жөндеу жұмыстарына жұмсауға болады
* Кондоминиум объектісіне тиісті жер учаскелері тек сол үйдің тұрғындарына ғана тиесілі болады
Нәтижесінде тұрғын үйдің кіре берісі, шатыры, сыртқы келбеті жақсарып, пәтерлерінің нарықтық құны артады. Алдағы уақытта тұрғын үйлерде мүлік иелері бірлестіктері немесе жай серіктестік санын арттыру көзделуде.
Мүлік иелерінің бірлестігі немесе Жай серіктестік құру бойынша тұрғындар тарапынан атқарылуы тиіс жұмыстар:
* Тұрғындар жиналыс ұйымдастырады
* Жиналыста Мүлік иелерінің бірлестігі немесе Жай серіктестік құру бойынша шешім қабылданып, үй кеңесінің мүшелерін және төрағасы сайланады
* Мүлік иелерінің бірлестігін құру жөнінде шешім қабылданғанда:
-жиналысты ұйымдастыруда 50 %-дан астам кворум шешімі болуы тиіс
-егер кворумды қамтамасыз етілмеген жағдайда тұрғындар арасында жазбаша сауалнама жүргізеді.
Мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша шешім қабылданған соң Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік тіркеуден өту қажет:
* Әділет министрлігі белгілеген өтініш береді
* Меншік иелерінің хаттамасының тұпнүсқасы
* Жарғы(Устав) мемлекеттік тілде және орыс тілінде 2-данада
* Мемлекеттік тіркеу үшін бюджеттік алымның төленгені туралы құжат
Жай серіктестік құру бойынша шешім қабылданғанда:
*Жиналысты ұйымдастыруда 100 %-дан астам кворум шешімі болуы тиіс
*Егерде жиналыста кворумды қамтамасыз етілмеген жағдайда тұрғындар арасында жазбаша сауалнама жүргізеді
*Меншік иелерінің 100 % келісімі болуы қажет
*Хаттамасы толтырылып, хаттамаға 100 % меншік иелерінің қолы болуы қажет
* Тұрғын үй инспекциясында тіркеуге алынады
Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. Меншік иелері шешім қабылдау және тұрғын үйді күтіп ұстау міндеттерін орындау бойынша барлық міндеттерді өз мойнына алады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*