Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ЖАСТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕТІН НЕСИЕ ҮШІН КЕПІЛДІК ТҮРЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛДІ

ЖАСТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕТІН НЕСИЕ ҮШІН КЕПІЛДІК ТҮРЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛДІ

Жолдауда айтылғандай: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету — мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына  қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті  болуына ықпал етеді»,-деуінде үлкен мән жатыр деп есептеймін. Сөз орайында айта кетейін соңғы жылдары ауданда өз кәсібін ашқысы келетін жастар көбейіп келеді.
Бүгінгі күннен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Сонымен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша қабылданады:
— екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;
— республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;
— жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;
— жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;
— бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;
— мамандандырылған техника.
Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен тәсілдері тапсырма шартында белгіленеді.
Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі.
Сондай-ақ, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады.
Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтармен https://www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайлары https://www.agrocredit.kz/ru/main/contacts/affiliates сайтында көрсетілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*