Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер шымкенттіктерге тегін заң көмегін көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер шымкенттіктерге тегін заң көмегін көрсетті

Шымкент қаласының орталығындағы Арбатта азаматтарға 200 тегін құқықтық консультация берілді. Шараға жетекші адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, жеке сот орындаушылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері болып, қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетті.

Акцияға мемлекеттік органдардың басшылары да қосылды.

Ұйымдастырушылардың өкілі — Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында біз халықпен диалог жүргізу, олардың өзекті мәселелерін шешу, сондай-ақ әлеуметтік салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс үшін көбірек білікті мамандарды, сарапшыларды және бей-жай қарамайтын азаматтарды тартқымыз келеді» деп атап өтті.

Өңірдің ең проблемалы салалары жер саласы, білім беру, денсаулық сақтау және жұмысқа орналастыру болып табылады.

Жергілікті тұрғындар шетелде жұмысқа орналасуға уәде берген компаниялардың әрекеттеріне шағымданды, олардың айтуынша, азаматтар көбінесе алаяқтық схемаларға түсіп, шетелде жұмыс істеу үшін төленген ақшаларын қайтара алмауда.

Аталған өтініште көрсетілген барлық мән-жайлар толық анықталғанға дейін ерекше бақылауға алынды.

Заңгерлерге көмек алу үшін авторлық құқықты тіркеу, материалдық көмекті өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді алу бойынша азаматтар келді.

Волонтерлік институтының тиімділігі халықтың, сондай-ақ біздің отандастарымыздың мәселелерін шешуде тәжірибе мен біліммен бөлісе алған қатысушылардың оң пікірлерімен расталады.

Шараға қатысушы тұрғындар сала мамандарынан тиісті сұрақтары бойынша сұраұтарына жауаптарын алды

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*