Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ПЕДАГОГ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТІК ПЕДАГОГ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының үздік педагогі Арман Орынбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы табыстады.
Арман Орынбеков — Шымкент қаласындағы № 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп — гимназиясының директоры болып қызмет атқарады. Осыған дейін Арман Шымбайұлының сексеннен астам әдістемелік — оқу құралдары жарық көрді.
2019 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері. 1999-2012 жылдар аралығында қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында 21 оқушысы; қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық тарих, құқық, азаматтану пәндерінің конкурстарында, дебат сайыстарында елуге жуық оқушылары жүлдегер атанған.
Сонымен қатар, мектеп — гимназияның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі әр түрлі білім, өнер, спорттық байқаулар мен жарыстарда, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарында екі жүзге жуық, ұстаздары қалалық пәндік олимпиадалардан және әр түрлі деңгейдегі байқаулардан сексеннен астам жүлделі орындарды жеңіп алған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*