Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин – органикалық улардың ең күш¬тілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг токсин саналады.
Токсин физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, оны 10-20 минут қайнатқанда бұзылады, ол натрий хлориді концентрациясы көп ортада жақсы сақталады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың, балықтардың ішек жолдарында, топы¬рақта, көңде, жеміс-жидекте, жем-шөп¬те, мал азықтарында болады. Топы¬раққа түскеннен кейін спораға айна¬лып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжық, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әртүрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады. Консервіленген тағамда CI.botulinum микроорганизмі өсіп, жетілген кезде банкінің беті мен түбі ісінеді, осының салдарынан қақпағы көтеріледі, оны «бомбаж» дейді.
Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, ауызы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады, неврологиялық белгілер (көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, науқастың жұтынуы қиындап, бірте-бірте дауысы¬нан айрылады(афония).
Ботулизмнің алғашқы белгісі білі¬нісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық- түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда,соның ішін¬де үйде консервілегенде сани¬тариялық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет.
Ботулизм ауруының алдын алу жолдары:
-санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде техно¬логиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдердің сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау. Жалпы консервіленген тағамдардың бәрін төменгі температурада сақтап, қолданар алдында 40-30 минут бойы қайнатып алған дұрыс. Үлкен ыдыстарда, көп мөлшерде тұздалған тағамдар дайындау қауіпті, өйткені оның түбінде ауасыз жағдай қалыптасып ботулизм токсині түзілуі мүмкін.
— қалай дайындалғандығы белгісіз, дайындау сақтау мерзімі көрсетілмеген, ұзақ сақталған тағамдарды кездейсоқ жерлерден, базарлардан сатып алмау қажет және консервіленген өнімдерді пай¬да¬лану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түр¬дегі өнімдерді пайдаланбаған дұрыс.
Егер күдікті тағамдар қолданған кезде және аурудың белгілері пайда болса тез арада дәрігерге қаралу қажет.