Елімізде жыл сайын жарты миллионға жуық нәресте жарық дүние есігін ашады. Әр сәби туғаннан кейін бірден міндетті түрде неонаталдық скринигтен өткізілуі тиіс. Бұл жүйе жаңа туған нәрестелерге тұқым қуалайтын ауруларды анықтау мен диагностикалау, емдеу үшін жасалады. Мұның ерекшелігі сол, сәбилерді кейін мүгедекке әкелуі мүмкін аурулардың дамуына жол бермеу. Әрі жалпы туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды анықтаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Бұл жүйе арқылы аурудың екі түрін анықтауға болады. Олар: фенилкетонурия (ФКУ) және туа біткен гипотирез(ТБГ). Ал, оларды емдеу жолдары қалай атқарылады? Міне, осы сауалдар жиынтығы 10.07-15.07.2023 жыл аралығында Түлкібас аудандық орталық ауруханада өткен көшпелі семинар- кеңесте кеңінен сөз болды. Бұл жөнінде медицина саласының ұлттық орталығы неонаталды бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері, жоғары санатты дәрігер Т.Ж. Толықбаев, аталмыш аурухананың неонаталды бөлімінің жоғары санаттағы мейірбикесі Р.Ж.Шалабаева жергілікті аурухананың дәрігерлерімен бірлесе отырып, шеберлік класын жоғары деңгейде өткізді. Семинар кеңес барысында неонаталды жүйенің соңғы кездердегі медицина саласындағы ғылыми жетістігі мен жарқын болашағына сараптама жасалды. Ақ халатты абзал жандар арасында өз ара тәжірибе алмасуға бағытталған бас қосуда көптеген мәселелер көтеріліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарылды.