Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » МӘМС жүйесі бойынша сұрақтар бойынша түсіндірді

МӘМС жүйесі бойынша сұрақтар бойынша түсіндірді

Төлеби аудандық ауруханасының Жалпы тәжірибелі дәрігері Тасболат Ұлжан МӘМС жүйесі бойынша науқастарды жиі мазалайтын екі сұраққа жауап берді.
1. МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ адамға еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма?
— Егер пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау немесе растау үшін МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету талап етілмесе, онда еңбекке жарамсыздық парағын ТМККК шеңберінде рәсімдеуге болады.
Мысалы, сақтандырылмаған науқаста ЖРВИ белгілері пайда болып, ол фильтр кабинетіне немесе учаскелік дәрігерге қабылдауға жүгінді делік. Егер диагнозды белгілеу үшін арнайы маманға жолдама немесе МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулер талап етілмесе, онда пациентке учаскелік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере алады. Алайда, егер емдеуді одан әрі түзету немесе қосымша зерттеулер жүргізу үшін міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген медициналық қызметтерді алу қажет болса, онда мұндай пациентке міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу қажет болмайды.
2.  Жүкті әйел жұмыс істемесе, МӘМС жарнасын төлеу керек пе және қанша төлейді? Бала туылғаннан кейін қалай болады?
— Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлемесе, онда ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Егер әйелдің МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, онда ол учаскелік дәрігер мен акушер арқылы есепке тұра алады
Босанғаннан кейін бұл әйел үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер үшін басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*