Түркістан облысында 2023 жылдың 6 айында ішек инфекцияларының 185 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 151-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге (19,9%) төмендеген. Жұқпалы ішек аурулары жаз айларында өрши түседі. Асқазан-ішек жолдарына бактериялар мен вирустардың түсуінің нәтижесінде асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен жүретін жұқпалы аурулар тобы. Қоздырғыштары адамға алиментарлы, ауыз-нәжіс жолымен және жеке бас гигиена талаптарын сақтамағаннан жұғады.
Аурудың негізгі себептері: – үй жағдайында дайындалған тағамдарды сақтау және дайындау технологияларының бұзылуынан; -дайын және шикі азық-түліктерді дұрыс сақталмауынан; – жеке бас тазалығының сақталмауынан, – ашық су көздеріне шомылу арқылы, қайнатылмаған су тұтынудан пайда болады.
Ішек жұқпасының негізгі клиникалық белгілері: іші ауырып, жүрегі айнып, құсады, іші желденіп, жиі өтеді, дене қызуы көтеріледі, сондай-ақ жалпы әлсіздік басып, тәбеті төмендейді.
Аурудың алдын алу үшін: -жеке бас гигиенасын сақтау; -дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен жуу; -тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану; -жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдалану, -сақтау мерзімі өтіп кеткен және тез бұзылатын тағамдарды (сүт өнімдері, салаттар)пайдаланбау қажет.
Есте сақтаңыздар! Жай ғана ішектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауіпті асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тіпті өлім-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкін. Аурудын алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ, бірден медициналық көмекке жүгініңіздер!