Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек

Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына қоғамдағы дәрігерлердің құқығы жайында ақпараттарды ұсынамыз.

Дәрігерлердің құқықтары

Әрбір дәрігер өз құқықтарымен танысып, оларды пайдалана білуі керек. Болашақ дәрігерлер өзінің құқықтарын біле жүріп оқыған дұрыс емес, өйткені бұл оның  өмірлік маңызы емес. Дегенмен, дәрігерлер өз құқықтарын білгені жөн және ол әрқашан ескертіліп тұруы қажет. Дәрігерлер көптеген жағдайларда науқастардан және оның туысқандарынан жағымсыз сөздер естіп жатады. Міне, осындай кездерде дәрігердің де құқығы, намысы қорғалуы керек. Ең бірінші, дәрігердің негізгі құқығы ол – медициналық тұлға атауына ие болу.  Екінші,  құқығы ол – кез келген дәрігер науқасты емдеуден бас тарта алады. Егер ол науқас кейбір ережелерді сақтамаса, яғни дәрігердің тағайындауларын тиянақты орындамаса. Бұндай жағдайда бас дәрігерге хабарласып, науқасты ары қарай емдеуден бас тартуға құқылы. Үшінші, дәрігерлер медициналық ассоциацияны құруға құқылы. Төртінші, дәрігер эвтаназияға құқылы (науқас сұрауы бойынша).

 Дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы.

Бәрімізге мәлім, науқас өзі емделетін дәрігерін таңдауға және емделу орнын таңдауға құқылы. Ал дәрігер ше? Дәрігерде науқасты емдеуден бас таруға құқығы бар ма? Бұл экстренді жағдайларға және  дәрігердің квалификациясының ары қарай  науқасты емдеуге деген төмен болуына қатысы жоқ. Егер науқас дәрігердің тағайындауларын орындамаса, ол кезде дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Науқас емдеу орталығындағы заңдарды бұзғаны үшін дәрігер ары қарай емді үзуге құқылы.

Дәрігер науқасты емдеуден бас тарта алады, егер бұл науқастың өміріне қауіпсіздік тудырмаған жағдайда. Дәрігер өзінің әріптестерімен ақылдаса отырып та бұл құқықты жүзеге асыруына болады.  Тек бұл науқастың өміріне және қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.  Бірақ науқасты  емдеуден бас тарту, ойластырылмаған жағдайларға жатады. Поликлиникаларда бұл құқық жүзеге асырылмайды. Науқасты емдеуден бас тарту өте сирек кездеседі.

Дәрігер қиын науқастарды емдеуге міндетті емес. Оны ешкім мәжбүрлей алмайды. Дәрігер мен науқас арасында әрқашан сенімділік болу керек. Өйткені бұл ары қарай емнің дұрыс жүргізілуне және науқастың жазылуына маңызды рөл атқарады. Дәрігер мен науқастың арасында сенімділіктің болмауы есебінен дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Бұл кезде дәрігер басқару органдарын бәрін дерлік ескертіп, науқастан емді басқа дәрігермен жүргізуін сұрау керек.

Дәрігер науқастан диагнозын жасыруға құқылы ма? 

Шындығында, кейбір кездерде науқасқа диагнозын жасыруға тура келеді. Бұл емдеу барысымен байланысты. Жалпы, науқас өзінің ауруы туралы бәрін білуге құқылы.  Кейбір науқастар өздерінің диагноздары туралы білгілері келмейді. Өйткені ол науқасқа қиындық тудырып, өзін жаман сездіруге ықпал тигізуі мүмкін. Соның есебінен науқастар өз диагнозын, дәрігердің жасыруын сұрайды. Сол себепті кейде дәрігерлер науқастың диагнозын жасырады. Бұл науқастың үмітін үзбеуге бағытталған.

Дәрігердің  құқықтары.

Медициналық  іс-әрекеттерін бекітілген  тәртіпте  алып  бару  құқығы  (фармацептикалық  салада,  жеке  медициналық  практикада,  емшілікте).Еңбек  келісімі  бойынша  жұмыс  алып  бару  құқығы  (еңбекті  қорғау  талаптарына   сәйкес  жұмыс  алып  баруға  жағдай  жасау,  өзінің  мамандық  ар  намысын  қорғау  құқығы).Қолы  жеткен  практикалық  және  теориялық  даярлық  дәрежесіне  байланысты  квалификацияланған  категорияларды  алу  құқығы.Егер  өмірге  немесе  денсаулыққа  қауіп  тудыратын  жұмыс  болса,  оныміндетті  түрде  сақтандыру  құқығы.Егер  азаматтың  денсаулығына  зиян, дәрігердің  қателігіне  байланыссыз  келтірілген  болса,  оны  міндетті  түрде  сақтандыру  құқығы. Егер  азаматтың  өміріне  қауіп  туып  тұрған  жағдайда  ешқандай  кедергісіз  мекеме,  ұйым  және  басқа  да  азаматтарға  тиісті  байланыс  құралдары  мен  транспорт  түрлерін  пайдалану  құқығы.Отызкүнге  дейінгі  мерзім  мен  жұмысқа  қабілетсіздігі  жөнінде  парақ  беру  құқығы. Дәрігердің  тәртібіне   көнбейтін  науқастардан  бас тарту  құқығы. Өзінің  құқықтарын  қорғау  үшін  мамандалған  ассоцияциялар  мен  және  басқа  да  ұйымдар  құру  құқығы.

Дәрігер – қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы – өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген  жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді. Дәрігерлік мамандық – жауапкершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Оның жұмысында ұсақ-түйек болмайды, себебі, оның жұмысы адамның бұл өмірдегі ең қымбат денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты мамандық. Түптеп келгенде,   оның қолында адам өмірі, болашақ тағдыры болады. Алдына үміт артып келген науқасқа көмек көрсету – дәрігердің ең басты міндеті.Ақ халатты абзал жандардың абыройлы парызы науқастарға шүбәсіз, әрі адал көмек көрсету және қамқорлық көрсету екендігін сөзсіз білеміз. Бұл тек міндеті, ал сол жандардың құқығы жайлы біле бермейміз.Өкінішке орай болашақ дәрігерлерде өз құқықтарын біле бермейді. Дәрігер мен емделушінің арасында көптеген түсініспеушіліктер қалыптасады. Мысалы,  науқастың  психикалық,соматикалық  немесе  жасына  байланысты  дәрігер  сырқаттың  себептерімен  пайда  болуы  жайлы  толық  мағлұмат  жинай  алмаса,  дәрігердің  іс-әрекеттері  өзіндік  сипатқа  ие  болады. Ал,  бұл  өз  кезегінде  қауіп -қатер  деңгейін  жоғарылатады.

 Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек. Дәрігерлер де соның есебіне өз міндеттерін тиянақты орындап, қателікке жол бермеуі тиіс.Әрбір  дәрігер  өз  құқығын  толық, жетік меңгерген жағдайда ғана, көптеген жетістіктерге жете алады. Жұмысында да, ем жүргізу процесінде де талай оң нәтижелерге қол жеткізері сөзсіз. Бекітілген дәрігер құқығын бұлжытпай орындауы нәтижесінде, өзінің әріптестерімен де науқастармен де жақсы қарым қатынаста бола алады. Өз лауазымын көтеріп, әріптестері арасында ерекше құрметке, сыйластыққа ие болып, болашақта үлкен табыстарға қол жеткізуі әбден мүмкін. Ал  керісінше  дәрігерлік  құқық   жөнінде  мүлдем  хабарсыз  дәрігерсымақ  азаматтар,   денсаулығытөмен   науқастарға  көмек  беріп,  жағдайын  жақсарту орнына  керісінше  оның   денсаулық   көрсеткіштерін  мүлдем  нашарлатып  алуы ғажап емес. Сондықтан да әрбір  медициналық  жоғары  оқу   орындарының  студенттері  болашақта  жетік  нағыз  маман  дәрігер  болу  үшін  өз  құқықтарын   білуі  қажет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*