Қазіргі таңда заманауи технологияның дамыған кезеңінде мектеп оқушыларына «Туберкулез туралы нені білу қазет?» деген сауал қойылса, ғаламтор арқылы ізденіп, толыққанды жауап алатынымыз белгілі. Әрбір отбасы, тұлға өз денсаулығы үшін осылай ізденіп, қолжетімді, тиімді ақпарат-құралдарын пайдаға асыра білсе, бұл біздің халқымыздың санасының оянғанын білдірері сөзсіз. Дегенмен, денсаулық сақтау саласына қарасты барлық мекемелердің қабырғаларына ілінген қабырға газеттеріне қарап қызығушылық таныта қоятындар қатары аз. Әрине, «Тас түскен жеріне ауыр» басымызға іс түскенде ғана жан-жағымызды қармап, көмек сұрап, әрекетке көшетініміз айдан анық. Осындай бейғамсыздығымызды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар ауруларға жататын туберкулездің алдын-алу мақсатында бұл тақырыпты тағы бір қозғауды жөн көрдім. Туберкулез – өте қауіпті де, жұқпалы ауру. Оның тіршілік етуіне, қоғамда бізбен бірге өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап отырған ортаның болуы. Ол орта бар. Болмысымыздың бір жағын көрсетіп отыратын әлеуметтік қолайсыз орта, көп балалы аз қамтылған отбасылар, толық емес тұрмысы төмен отбасылар, ішімдікке, нашаға тәуелділер, тұрғылықты мекен-жайы белгісіздер, жазасын өтеп келгендер санын құрайтын орталар жатады. Осы ортаның әрбір азаматы туберкулезден сақтану жолдарын жеткілікті дәрежеде білсе, алдын-ала қаралып, уақытында анықталған жағдайда бұл кеселдің өсуіне, көбеюіне, таралуына жол бермей, әлем бойынша мемлекеттік көрсеткішіміздің нәтижесін төмендетуге әсер ететін, өз пайдасын тигізер еді.

Туберкулездің жұқпалы ауру екенін дәлел ретінде тәжірибе жасап көрсек. Мысалы, көпшілік орындардың бірінің кірер есігін сырлап қояйық. Жанынан сырланғаны жайлы белгі ілінген. Сол жерден белгіні байқағандар сақтанып, жан-жағына қарап, абайлап өтеді. Кейбіреуі қолын, болмаса жеңін тигізіп алады. Ал, енді бірі үстіне сол күйінде сырды жұқтырып алғанын білмейді де. Бұдан түйетініміз туберкулездің жұғу жолы дәл осы келтірілген мысалдағы «сыр» секілді.

«Сырланған» деген жазуды оқыған, байқаған, сақтанған адамдар туберкулезден де сақтана алатынына көзім жетеді. Олар өз уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын бағалайтын жандар. Салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді дене қозғалысымен айналысып, құнарлы тамақтанып, жан-дүниесі жадырап, рахаттанып өмір сүре алатын тұлғалар. Көзі ашық, рухани азықтанған, көкірегі ояу, кәсібі тәжірибиесі мол азаматтарымыз осы бағытты ұстанады.

Қолына немесе жеңіл сырды білместіктен жұқтырған адамдарды айтатын болсам, сол мезетте аңғарса тазартып алуға мүмкіндігі бар. Туберкулезден сақтану үшін бойыңызда пайда болған түрлі белгілерді аңғарсаңыз, сол мезетте дәрігерге уақытылы қаралуыңыз қажет.

Туберкулездің алдын алу, сақтану жолдары өте оңай, тиімді мемлекетіміз осы аурумен күресу бағытына барынша көңіл бөліп отыр. Бұл кеселдің анықтауды, емдеуді мемлекет тарапынан қолға алынып, қаржыландырып отырғандықтан тегін жүргізілуде. Дәрі-дәрмектері, емі, жатын орындары, барлығы заң жолымен бекітіліп, қарастырылған.

Туберкулезден сақтану негізі әрбір тұлғаның өз қолында және аурудан сақтану жолдарын әрбір адам білуі тиіс. Себебі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарды, жергілікті жердің емханаларында туберкулезден сақтану және алдын алу нақты екі бағытта жүргізіледі. Ол біріншісі екпе, екінші флюраграфия.

Бұл кеселден сақтану үшін біріншіден туберкулезге қарсы екпе алу. Ол БИЖ вакцинасын егу, кесте бойынша ревакцинациясын алу арқылы ағзада имунитет қалыптастыру болып табылады. Яғни, туберкулезбен күрес перзентханадан басталады. Әрбір отбасылы ата-ана өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін ескеріп, баласына туберкулезге қарсы екпені міндетті түрде енгізуі қажет. Бұл бала болашағына жауапты ата-ана ретінде жасалған алғашқы қадам болмақ. Екіншіден, туберкулездің алдын алу үшін жыл сайын флюорографияға түсу әрбір азаматтың міндеті. Әдетте емхана аймақтық мейіргерлері ренгинге түсуге шақырса, кейінге шегеріп, уақытымызды жоғалтып алып жатамыз. Көп флюорографияғдайда флюорографияға түсу өз денсаулығымыз үшін қазет екенін аңғармай, ұғынбайтын кездеріміз болады.

Әрі қарай, туберкулездің алдын алу уақытты тиімді пайдалану, құнарлы тамақтану, белсенді дене қозғалысы, жеке бастың гигенасын сақтау, темекі-ішімдіктен бас тарту сияқты тізбектелген саламатты өмір салтын ұстану өз қолымыздағы дүние. Қоршаған ортаға қамқор болып, айналаңыздағы жандарға көтеріңкі көңіл күймен, мейірім төгіп, ішкі-сарайыңызға мейірім сыйлай алатын болсаңыз, рухани тазалығыңыз да туберкулезден күресте өз үлесін қосатынына сенімдімін.

Туберкулездің белгілері екі аптадан астам жөтелу, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, тершеңдік, әсіресе таңғы уақытта дене қызыуының көтерілуі 37,2-37,8 градусқа дейін. Осы белгілердің бір немесе бірнешеуі пайда болса тез арады дәрігердің кеңесіне жүгіну қажетү Туберкулез ерте анықталып жатса дер кезінде емдеп дерттің асқынуының алдын алуға мүмкіндік туады. Ол әрине тұлғаның өз денсаулығына жауапкершілігі мен дәрігерлердің іскерлігінің еншісінде болмақ. Бұл жағдайда да туберкулез емделетін ауру екендігіне оқырмандарды сендіргім келеді.

Сонымен, мысалымыздағы соңғы үсті-басына бояу жағылған адамдарға келейін. Сырға боялған киімдерін, білген уақытта бояуды кетіру ауырлау болады. Түрлі химиялық қоспаларды пайдалануға немесе кесіп тастап жамауға тура келеді. Байқасаңыздар бұл кісілер «Сырланған» деген белгіні оқымақ түгілі, жан-жағына қарауға шамасы жоқ. Өз әлемінде оқшауланған, өзінің ішкі қобалжуы, уайымы, қасіретімен шектеліп қалған жандар. Қоғамға бейімсіз, өзінің тыныс-тіршілігінің қиындықтарына төтеп бере алмай, болмаса күресуге мұршасы болмай жүрген жандар.

Туберкулез- туберкулез микобактерияларын (Кох таяқшалары) туындататын өмірге қауіпті жұқпалы ауру, ол көбінесе өкпені, сонымен қатар адам ағзасының басқа мүшелерін зақымдайды. Көбінде туберкулез ауруына еңбекке қабілетті жастағы адамдар шалдығады.