Төлеби аудандық ауруханасының мәжіліс залында ауруханаға қарасты барлық аймақтық дәрігерлер мен бөлімше дәрігерлерінің қатысуымен ауқымды «IKLA — заманауи зертханалық диагностика әдісі» атты конференция өтті. Конференцияға «MedLabTech» ЖШС компаниясының директоры Ибрагимова Шолпан қатысып, ИХЛА зертханалық диагностикасы туралы қысқаша сөз сөйлеп, спикерлермен таныстырды. Мәскеуден келген спикер Шығыс Еуропа/ТМД аймағындағы DiaSorin компаниясының экспорт бойынша менеджері Солонко Александр Сергеевич «LIAISON XL» анализаторының артықшылықтарын толық таныстырып, барлық негізгі компоненттерін түсіндіріп, тәжірибесімен бөлісіп, мамандарымыздың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Иммунохемилюминесценттық диагностикалық әдісін талдау бойынша спикер Алматы қалалық ЖИТС орталығының мамандандырылған медициналық зертханасының меңгерушісі Оңғарбаев Азат Бабажанұлыда өз кезегінде IKLA — заманауи зертханалық диагностиканың оң тұстарын айтып, дәрігерлерге науқастардың лабороториялық анализдері дұрыс талданып, оларға нақты диагноз қоюына, жұмыс процессінің тиімді әрі оңтайлы жүруіне көмегінің көптігін атап өтті.