Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТҚАН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТҚАН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық танытқан Бақдәулет полиция тарапынан Алғыс хат алды, деп жазады қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz».
Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Тленшин Нұртас мөлтекауданының тұрғыны 25 жастағы Бақдаулет Түгелге алғыс хат жариялады.
Шымкент қаласының тұрғыны Бақдәулет демалыс күндері қонақтан ерте келіп қалып, үйіне ұры түскенін байқайды. Содан дереу Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына хабарлайды. Полиция қызметкерлері келгенше екі ұрымен арпалысып, олардың қашып кетуіне жол бермейді. Осы ерлігін ескере отырып, қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық пен табандылық танытқаны үшін полиция тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, батыр жігітке полиция қатарында жұмыс жасауға ұсыныс жасалды.
Өз кезегінде, полиция тарапынан алғыс алған Бақдәулет тәртіп сақшыларының оқиға орнына тез арада келіп, ұрлық жайтын ашқаны үшін алғысын білдіріп, ішкі істер органдары қатарына қызмет етуге қарсы емес екендігін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*