Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Созақ: сүт безі обырымен күрес күніне орай ашық есік күні өтуде

Созақ: сүт безі обырымен күрес күніне орай ашық есік күні өтуде

Созақ аудандық емханада дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күніне орай ашық есік күні өтуде.
Өтіп жатқан шара аясында келушілерге арналып маммолог-дәрігердің кеңесі мен көрсеткіштеріне байланысты қажетті диагностикалық іс-шаралар өткізу ұйымдастырылған.
Аталмыш емханада өткен ашық есік күнінде бүгін таңда 41 әйел тексеруден өтті.
Сүт безі обыры – қатерлі ісік ауруларының ең көп тараған түрі. Қатерлі дерт алғашқы сатысында байқалмайды. Сол себепті скринингтік тексеруден өту оны неғұрлым ерте анықтап, емделіп шығуға мүмкіндік береді.
Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуды әрр әйел білуі керек!
Сүт безінде пайда болатын ісіктердің көпшілігі қатерсіз және қауіпті емес болып саналады: олар баяу өседі, жасушаларында сау жасушалардан айтарлықтай айырмашылық болмайды және олар басқа мүшелерге немесе дене мүшелеріне таралмайды. Сүт бездерін тексеру және пальпациялау сүт безіндегі ісік түзілімдерінің мөлшерін, құрылымын, орналасуын және басқа да бірқатар белгілерін түсінудің маңызды әдістері болып табылады.
Қандай ісік екенін анықтау үшін дәрігер қосымша тексерулерді тағайындайды: сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі, маммография, сүт бездерінің МРТ және т. б. Сүт безі обырын ерте анықтауға арналған Скрининг: Сүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін ауруды ерте анықтауға мүмкіндік беретін скрининг бар, онда ешқандай белгілер жоқ және әйелге ештеңе алаңдамайды.
Уақытында анықталған РМЖ көп жағдайда сәтті емделеді. Қазақстан Республикасында скрининг шеңберінде 40-70 жастағы әйелдерге 2 жылда 1 рет екі проекцияда екі сүт безінің маммографиясы жүргізіледі.
Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ұсыныстар:
1. салмақты бақылау;
2. физикалық белсенді болу;
3. жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну;
4. темекі шегуден және алкогольді ішуден бас тарту;
5. сүт безі обырын ерте анықтау үшін Ұлттық скринингтен өту.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*