Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » СТУДЕНТТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

СТУДЕНТТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Таза Қазақстан » республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтар болсақ «Мирас» және «Орталық Азия Инновациялық» университеттері мен Политехникалық колледж жастары өз оқу орындарының алаңын тазалады.
160-қа жуық студент оқу алаңдарын сыпырып, гүлдер мен ағаштардың түптерін қопсытып, жиналған қоқыс қалдықтарынан тазартты.
Нәтижесінде, аталған 3 оқу орында 50 кг көлемінде түрлі қоқыс қалдықтары шығарылды.
Айта кету керек, 8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Бүгінгі апта « Таза өлке» деп аталады. Бұл күні тұрғындар мен кәсіпорындар, оқу орындары, түрлі мекемелер өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Бүгін тазалық жұмыстарын атқарған студент-жастар алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына белсене қатысып, өз өлкесінің тазалығын сақтауға араласатындықтарын білдірді. Жастардың айтуынша тазалық бір күндік жұмыс емес, сондықтан да қоршаған ортаның үнемі таза болуына әрбір тұрғын өзін жауапты сезінсе қаламызда тазалық сақталады дейді.

Айта кетейік, осы күні қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды.

Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*