
Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трассасының 601 шақырымында «Форд Фокус» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 қапты тауып, тәркіледі.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 80 келіге жуық «марихуана» есірткісі екені анықталды. Күдікті бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.