Патрульдік полициядағы қызметкерлеріміз суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып, өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысы Полиция Департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Сол күні қызметке түскен инспекторлар Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмекке шақырғанын байқайды.
Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында, Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді.
Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен олар суға секіріп түсіп, батып бара жатқан азаматты сүйреп, жағаға алып шығады.
Жас жігіттің мал бағып жүріп, құлыны өзенге түсіп кеткенін, содан соң малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалғаны анықталды.
© Jetpisbai.kz