Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың қатарын арттыру мақсатында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы бүгіннен бастап бастау алып, 20 сәуірге дейін жалғасады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл апта аудандағы барлық қала және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады.
15 сәуір аудандағы қала және ауылдық округтерде ауыл жастары,қоғам белсенділері және ауыл тұрғындарының қатысуымен саябақтар мен ескерткіш тақтайшаларды ретке келтіру, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына қатысуға шақырамыз.
ТазаҚазақстан
© Jetpisbai.kz