Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АУДАН ӘКІМІ ОНЫНШЫ ОКРУГ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ОНЫНШЫ ОКРУГ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың аудан тұрғындарымен кезекті оныншы кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауап форматына арналып, округ халқы өздерін толғандырған, шешімін күткен мәселелерін сөз етіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Возможно, это изображение 3 человека и текст «KAZAKH»
Екі сағатқа жуық созылған кездесу барысында округ халқы ауыз судың сапасына қатысты пікірлерін айтып, оны шешу жолдарын сала басшыларымен бірлесе отырып, талқылады.
Ашық пікір алмасуға арналған кездесуде электр бағаналарын ауыстыру, аяқ жол салу, қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында түнгі жарық, бейне бақылау камераларын орнату секілді әлеуметтік мәселелер сөз болды.
Аудан басшысы әр көтерілген мәселенің орындалу мерзімін көрсете отырып, шешу жолдарын жеткізді. Әр сұраққа жауап беріп, жиналғандарға Мемлекет басшысының сындарлы саясатын түсіндірді.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Кездесу барысында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы көтерілген мәселелердің шешілуіне қатысты ой-пікірін, көзқарасын жеткізіп, округ халқын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырды.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы округ халқымен өткен кездесуден кейін, жоспарға сай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*