Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » А.ИСМАИЛОВ: ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

А.ИСМАИЛОВ: ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт, Қақпақ, С.Рақымов, Қызылқия ауыл округтерінен келген бірқатар тұрғындармен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауға аудан әкімі орынбасары, тиісті бөлім басшылары мен мамандар, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген азаматтар ағын су, электр бағаналары, жол салу мәселелері және әлеуметтік көмек түрлеріне байланысты сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтарға нақты жауап қатып, тиісті бөлім басшыларына заң аясында өтініштердің шешімін табуды тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*