Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БЕРІК АЙДАРҰЛЫ 40-ҚА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

БЕРІК АЙДАРҰЛЫ 40-ҚА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін сағат 10:00-17:30 аралығында Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы аудан тұрғындарын кезекті рет қабылдады. Қабылдауға 40-қа жуық тұрғын келіп, арыз-шағымын жеткізді. Атап айтар болсақ, инфрақұрылым, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жер және қоқыс мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жеке қабылдауға аудан әкімі аппаратының мамандарынан бөлек, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Тұрғын үй басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қатысты.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Қабылдауға келген Ақтас елді мекенінің П.Қабылбекова, Т.Сыдықов және Ә.Рыспақов есімді белсенді тұрғындары аталған елді мекенге жол салу мәселесін айтты.
Биыл қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Ақтас елді мекеніндегі Деркөл, Бұйрат, Құтарас, Бестоғай, Белқұдық, Тасарық, Байғазы, Аралтөбе, Жеңімпаз, Ортатау, Жалтыр және атауы жоқ №1, № 2 көшелер асфальтталатын болады.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Сонымен қатар, тұрғындар Құрсай елді мекеніндегі Жылысай көшесін асфальттау, жаяу жүргіншілер жолын салу қашанға жоспарланғанын сұрады. Аудан әкімі, биыл Жылысай көшесі асфальтталын, тротуар, ирригация салынатынын жеткізді.
Айта кетейік, аудан әкімі әр аптаның бейсенбісі күні сағат 10:00 – 13:00 аралығында тұрғындарды қабылдайды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*