Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АРЫСТЫҚ ЖАСТАР «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ ЖАСТАР «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100 жыл толуын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру легерінде «Айбын – 2024» облыстық әскери-патриоттық жиынына іріктеу сайысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст «100 ЖКЫ CaFa Кожахметул H мбето КАЗАКСТАН АССАРБАЗ Халылю тсыныН срί ччтыры»
Жарыстың ашылуына Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев, облыстық білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» өкілдері, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жергілікті соғыс ардагерлері қатысып, жас сарбаздарға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді.
Облысқа қарасты аудан, қалалардан барлығы 17 командадан құралған 255 жасөспірім қатысқан сайыста «Арыс» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Арыстық өрендер командалық есепте бірнеше сайыста ешкімге дес бермеді. Және бірқатар спорт түрлерінен рекорд жаңартты.
Сайыс барысында белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74-ті жартылай шашу мен жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс киімін кию сынды жарыс түрлерінен бақ сынады.
Возможно, это изображение 7 человек, кларнет и текст «000 CEPTИФИKAT CEPTИ EPTИФИ 300000T 000 T 300 ማርሙየሲም።።»
«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы бойынша І орын Арыс командасына бұйырса, ІІ орынды кентаулықтар жеңіп алды, ал үздік үштікке Түлкібас ауданының құрамасы тұрақтады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары атанған Арыстың айбынды жастары маусым айында Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында өткізілетін халықаралық кезеңге жол тартады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*