Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «БӘЙДІБЕК БИ» ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: «БӘЙДІБЕК БИ» ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Әлтайұлының қатысуымен “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Киелі мекен” апталығы жастар арасында жалғасын тапты.
Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан — қоғам қайраткері, елші — Жолан батырдың ескертшісінде абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық іс-шарасында ескерткіш жуылып, айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Абай ауданында орналасқан Бәйдібек би ескерткіші аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру, талдарды әктеу, орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш аумағының тазалық жұмыстарына Абай ауданының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ерікті жастар және белсенді тұрғындар атсалысты.

—Абай ауданында акция басталғалы әр жерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осы аптада киелі оындарды тұрғындарға дәріптеп, оның аумағын таза ұстауға үйрету мақсатында көптеген ескерткіштер жуылып-тазаланды. Осы аймақтағы мәдени-тарихи нысандарды білсек те, оның тазалығына мән бере бермейміз. Жалпы бұл іс-шара тек тазалық жұмыстарымен шектеліп жатқан жоқ. Акцияның бірден-бір ерекшелігі де осында. Бұл апта киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізу болғанымен, қаламыздың әр бұрышы, әр ауласы киелі. Сондықтан қазір ауданда ескерткіштерден бөлек тұрғын үйлердің аулаларында да тазалық жұмыстары жүріп жатыр, — дейді Абай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық бөлімінің басшысы Мейіржан Әжиддин.

Бәйдібек би ескерткішінің аумағын тазартуға 200-ден аса адам қатысып, 10-ға жуық техника жұмылдырылды.

«Киелі мекен» тазалық акциясына сәйкес Абай ауданында орналасқан «Бәйдібек би» ескерткіші маңында сенбілік ұйымдастырылып, ағаштарды санитарлық қырқу, жасыл желектерді ретке келтіру, шөп ору, сырлау жұмыстары жүргізілді. Киелі аумақтың тазалық жұмыстарына 300 — ден аса аудан тұрғындары, ассамблея мүшелері, «Қазақстан халық ассамблея» қоғамдық келісім, «Отырар» телеарнасы, 70 кәсіпкерлік нысан мен 60 әлеуметтік нысанның қызметкерлері қатысты. Сондай — ақ, 17 техника жұмылдырылып, 25 тонна қоқыс шығарылды.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*