Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫ ҚАЖЕТ

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫ ҚАЖЕТ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендердің белсенді азаматтарымен, көшелер, тұрғын үйлер басқарушыларымен кездесіп, мегаполисті дамыту жайын талқылады. Тұрғындар тарапынан елдімекендерді абаттандыруға, қоғамдық көліктерге, жол жөндеуге, жер қатынастарына байланысты бірқатар мәселелер қозғалды. Сонымен қатар шағынаудандарға қажетті әлеуметтік нысандар мен салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін спорт алаңдарын салу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы сала басшылары мен аудан әкімдеріне халықтың талап-тілектерін назарға алып, туындаған өзекті мәселелерді шешуде белсенділермен тығыз жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ кездесуде қала тазалығын сақтауға, көріктендіруге қатысты ұсыныстар талқыланды. Бұл ретте қала басшысы Президент тапсырмасымен елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін шараларға халықты жұдырықтай жұмылдыруға шақырды. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсетіп, өскелең ұрпақты патриоттылық пен еңбекқорлыққа тәрбилейтін тазалық шараларының маңыздылығына тоқталды. Қала жанашырларын өз аумақтарын таза ұстауын қадағалап, мәдениетті қалыптастыруда, жасыл желектерді көбейтіп, суару жүйелерін күтіп ұстауда бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалау жұмыстары бастаған еді. Алғашқы бірінші аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулаларды тазалап жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*