Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСТАМАСЫМЕН 26,482 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСТАМАСЫМЕН 26,482 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласында субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған. Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан.

Қаламызда 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты.
Құрылған жұмыс орындарының есебі «Enbek.kz» порталы арқылы жүргізіледі.
2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аталған грант мөлшері 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге).
Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар:
Бірінші кезекте: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды;
Екіншіден: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.
2024 жылы грант екі лекте беріледі, 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар 426 адам. Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен — 18 сәуірге дейін өтінімдер порталда қабылданады.
Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы 452 адамға қайтарымсыз грант берілген. Санаттарға бөлінісі бойынша 42 адам АӘК алушылар, 88 адам еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, 215 адам көпбалалы отбасылар, 71 адам мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам, 36 адам асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Шымкент қаласында 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып жоспар 22% орындалды. Оның ішінде:
— 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, нақты 9,2 мың адам қатысты;
— 26,4 мың адамды жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақты 3,0 мың жұмыс орны құрылып, азаматтар жұмысқа орналасты;
Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*