Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ САЯБАҚТА АҒАШ ЕКТІ

ШЫМКЕНТ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ САЯБАҚТА АҒАШ ЕКТІ

Бүгін Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында ағаш егілді. Басты мақсат- қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру.
Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ағаш егу акциясына БАҚ өкілдері, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты. Нәтижесінде 60-қа жуық ағаш отырғызылды.
Ағаш- даму мен өркендеудің белгісі. Бүгінгі отырғызылған ағаштардың тамырлары тереңге жайылып, өссе болашақта елге сая болады. Ұйымдастырушылар « Бүгінгі іс-шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.
Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз»-дейді.
Қала тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізетін, сүйікті қаланы жасыл қалаға айналдыруға бағытталған бүгінгідей игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акция бес аптаға жалғасады. Қазірдің өзінде шымкенттіктер тазалық шараларына белсенді ат салысуда. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосып жатыр.
Бұдан бөлек, республикалық акцияға қала әкімдігіне қарасты барлық басқарма қызметкерлері де қатысып жатыр. Әр мекеме өзінің ауласын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді.
Тазалықты басты орынға қойған шымкент тұрғындары да экологиялық акцияға белсене қатысып жатыр. Жастар бұл апталық шарасында ағаштарды әктеп, жол жиегіндегі ирригациялық арықтарды қоқыс пен шөптен тазартып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қол ұшын созды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*