Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Шымкентте «Бала дауысы Super Live» атты концерттік кеш өтті, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Наурыз мейрамы онкүндігі аясында ұйымдастырылған концерт мегаполситегі дарынды балалардың өнерін паш ету, оларға шығармашылық қолдау көрсетуге арналды. Жас болса да түрлі үйірмелерге қатысып, өнерін шыңдап жүрген балалар бірнеше бағытта бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетті.
«Бала дауысы Super Live» мерекелік думанында “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” талант иелері мен би топтары қатысты. Атап айтқанда, халықаралық байқаулардың лауреаты “Вдохновение” би тобы, «Акварель» хоры, “Наз Қоңыр” скрипкашылар ансамблі, “Қарақат” мектеп — студиясы оқушылары, Владислав Пампуров және Апельсин Асабаева сынды талантты жастар өнер көрсетті.
Бағдарламада қазақтың халық әндері, күйлері, “Вальс королі “ атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндері, Еуропа композиторларының классикалық және заманауи музыкалық шығармалары орындалды.
Айта кетейік, мәдени шарада барлық санитарлық нормалар сақталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*