Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨРСЕТКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨРСЕТКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

Шымкенттік полицейлер 8 балалы жанұяға көмек көрсетті
Наурыз мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының полицейлері көп балалы отбасыға көмек қолын созды. Еңбекші ауданының тұрғыны 8 баланы тәрбиелеп отырған отбасы. Балалары 2003, 2005, 2007, 2009, 2012, 2015, 2017, 2019 жылы туылған жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары аталған отбасыға арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. – Осындай қиын-қыстау сәтте көмек көрсеткен құқық қорғау саласы мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Жақсылықтары Алладан қайтсын!, – дейді қала тұрғыны.
Жақсылыққа жаны құмар сала өкілдері: – Қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету, – дейді. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көп балалы отбасыларға азық-түлік таратып, өз көмектерін көрсетуді дәстүрге айналдырған. Қол ұшын созған полицейлерге көп балалы отбасының отағасы наурыз мерекесімен құттықтап, мерекелік тілек айтып өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*