Су тасқыны кезінде құдықтар мен ұңғымалардағы сулар дәретханалар мен қазылған шұңқырлардағы тастандылармен ластанады. Осыған орай, инфекциялық және паразитарлық ауруларды алдын алу мақсатында Абай ауданы әкімі аппаратында семинар-кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы, тиісті мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинарда су арқылы берілетін вирустық ауруларды, сондай-ақ сібір жарасының қауіпі, көптеген аурулардың тасымалдаушылары — кеміргіштерді жою мақсатында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі қажеттігі айтылды.

Вирустарды алдын алу жолы — вакцина. Жиында вакцинация мәселелерінің ақсандауы және вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың бас көтерулері де талқыланды. Жауапты сала мамандарына мониторинг жүргізіліп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
© Jetpisbai.kz