Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Отырарда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясындағы жұмыстар жалғасуда. «Тазалық – адам жанының айнасы» екенін жастарға үлгі еткен ауыл азаматтары тазалыққа күнделікті мән беруді дәстүрге айналдырып келеді. Аталған шараға біркісідей атсалысып, белсенділік танытқан Балтакөл, Аққұм, Маяқұм, Көксарай ауыл округтерінің тұрғындары бүгін саяқтардағы ағаш-талдардың түбін әктеп, суғару жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 5 человек
Сондай-ақ сенбілік барысында мәдениет үйлері мен денсаулық сақтау мекемелерінің ауласындағы арам шөптер оталып, қоршаулар мен орындықтар сырланды.
Жалпы тазалық жұмыстарына 300-ден аса адам қатысқан. Жиналған күл-қоқыстар арнайы текникалардың көмегімен белгіленген полигондарға тасталды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*