Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы «Өнегелі ұрпақ» науқанымен жалғасын табуда, – деп хабарлайды jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл науқан мақсаты – қарт, ардагер кісілер мен қарттар үйі ауласын тазалау.
Тұран ауданы бойынша аталған науқан бойынша тазалау жұмыстары басталды. Бүгін 90 жастағы жалғыз басты ана Багира Тулгаеваның шаңырағына барып, Тұран коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тазалау жұмыстарын жүргізді.
«Өнегелі ұрпақ» нақаны аясындағы жұмыстар алдағы күндері жалғасын табатын болады.
© Jetpisbai.kz