Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТАЗАЛЫҚ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

ТАЗАЛЫҚ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. Бұл аптада «Өнегелі ұрпақ»науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі Әл-Фараби ауданына қарасты «Достық ауласында» ұйымдастырылды. Қазыбек би 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және ардагерлер көп. Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шараға 10 -нан аса техника мен 200 -ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты.
— «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек,- дейді Қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова.
Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек.

Ал, қалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр. Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей. Сондай іс-шараның бірі — «Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол» атаумен өтуде.
Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д.Қонаев мұражайының ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары мұражай аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.

Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері Шәріпбек Жамалбек, Пернеев Ерназар және басқа да азаматтар қатысып, өз үлестерін қосты. Жастарға ақыл-өсиетін айтып, бағыт-бағдар берді.

Ал «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай іс-шара мен оның маңыздылығына тоқталып, жастарға берер тәлім-тәрбиесін ерекше атап өтті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*