Осы аптада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығымен жалғасуда . Апталық барысында әр аудан тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Осы орайда Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында қала жастары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барды. Қарттар үйінің ауласында белсенділер тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түптерін әктеп, өсіп кеткен шөптерді қырқып, қоқыстарды шығарды.
—«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын қарттар үйінде жалғастырудамыз. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, жастар, студенттер атсалысуда. Дәл қазір 50-ге жуық белсенді жас ауладағы талдардың түбін әктеп, қоршауларды сырлап шықты. Мұндай тазалық іс-шарасын көрген қарияларымыз да өз ризашылықтарын білдіріп, жастармен әңгімелесіп бір жасап қалды, — деді Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қуаныш Серікбай.
«Қазыналы қария – ақылы теңіз дария» атауымен ұйымдастырылған іс-шарада тазалау жұмыстарын жүргізу және демеушілердің есебінен қайырымдылық көмектер көрсету жұмыстары да ұйымдастырылып, қалалық мәдениет бөлімінің әншілері ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған. Апталық барысында қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізу әрі қарай да жалғаспақ.
Сонымен бірге, «Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры — Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы — Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры — Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.
Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған. Апталық барысында қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізу әрі қарай да жалғаспақ.