«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталағында Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округінің тұрғыны, тыл ардагері Ергеш Бижановтың үйінде тазалық шаралары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атқарылған жұмыстар барысында тұрғын үй ауласындағы қоқыстар жиналып, арам шөптері жұлынып, егістік жерлері аударылды. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты.
Ергеш ақсақал елдегі өткізіліп жатқан тазалық акциясына оң баға беріп, жастарға бата беріп ризашылығын білдірді.
© Jetpisbai.kz