«Таза Қазақстан» экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру, қайырымдылық шаралары жоғары деңгейде жүруде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан жастары мен еріктілер, мектеп ұжымдары аудандағы қазыналы қариялардың үйлеріне барып, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгін Отырар ауданына қарасты, Маяқұм ауындың тұрғыны жалғыз басты қария Дәрменов Мұсабек және Үсенова Тұрсын апамыздың шаңырағында болып, ауласын арамшөптерден тазарту, ағаштарды әктеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, аталған игі шара Отырар ауыл округі мен Көксарай ауылында жалғасын тауып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шара барысында жастар игі шараны өзге ауылдық округтердегі замандастарына жолдап, бірлесе еңбек етуге шақырды.
© Jetpisbai.kz