Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы Телемұнара мөлтек ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мердігер мекеме «ART құрылыс» тарапынан мектеп ғимаратының Б, Г блогының іргетасын құю жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, жабын қабататының темір бетон құю жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі жауапты мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын сапалы мерзімінде аяқтау қажет екендігін атап өтті.
Айта кетсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша ауданда 10 жайлы мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласында құрылыс жұмыстары Телемұнара шағын ауданында 900 орындық және Б.Оспанов көшесінің бойынан А. Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы Самал-3 мөлтек ауданынан 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
© Jetpisbai.kz