Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Руханият » ҒАСЫРДЫ АРҚАЛАҒАН ЖЫРЛЫ ЖАМБЫЛ

ҒАСЫРДЫ АРҚАЛАҒАН ЖЫРЛЫ ЖАМБЫЛ

Алатаудан жыр асырған, айтыс өнерінің саңлағы, халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ мен «Энергетика және байланыс колледжі» бірлескен кітапхана меңгерушісі Назанова Салтанаттың қатысуымен «Ғасырды арқалаған жырлы Жамбыл» атты әдеби — сазды кеш өткізілді. Кеш аясында кітап көрмесі көрсетіліп, студенттер, оқушылар жыр алыбы — Жамбылдың өлеңдерін оқып,  ақынға арнауларын орындады. Студенттер әдеби кешке белсене қатысқаны үшін марапатталды. Кештің жалпы мақсаты — студенттерге жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып, Жамбылдың ақындық таланттын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу, ақын өлеңдерін талдай отырып, студенттердің дүниетанымы мен ой өрісін дамыту, Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге баулу.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*