Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: КОНГРЕСС ХОЛ АУМАҒЫНА 100-ден АСА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: КОНГРЕСС ХОЛ АУМАҒЫНА 100-ден АСА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданында «Жасыл аймақ» апталығына аудан тұрғындарынан басқа, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар да қатысты.
Аудан аймағындағы жасыл желектердің түптері қопсытылып, суғарылып, ағаш түптері әктеліп, жаңа талдар егілді. Сонымен қатар айнала тазаланып, қураған бұталар қырқылып, қаулап өскен шөптер орылды. Ал Шымсити шағынауданында орналасқан Конгресс хол аумағына мәдениет саласының қызметкерлері әкімдікпен бірлесе 100-ден аса көшет отырғызды.
Ағаш егумен шектелмеген тазалау жұмысына қатысқан 70-ке тарта кәсіпкерлік және 60-қа тарта әлеуметтік нысан Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын да ретке келтірді. Темірлан тас жолы, Барыс базары, әуежай аумағы мен Ақмешіт аумактарындағы қаулап өскен шөптерді орып, қоқыстардан тазартты. Ауданнан жұмылдырылған 15 техниканың көмегімен 20 тонна қоқыс шығарылды.
«Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді деген. Барлығымыз қаланың гүлденгенін қалаймыз» дейді, тазалық жұмысына қатысқандар.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.

Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыстар шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйелер, 95 аялдамалар жуылып, 1200 дана қоқыс жәшіктері (урна), 285 дана орындықтар сырланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*