Наурыз мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінде ерекше ерлігі үшін марапатталған батырларымыз бар екенін атап өткіміз келеді. Солардың бірі — Шымкент қалалық полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Ерлан Айтмұхамедов. Полиция аға лейтенанты Ерлан Айтмұхамедов ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.
Еске салар болсақ, 2017 жылдың 27 шілдесінде кешкі сағат 21:30-дар шамасында Шымкент қаласындағы Бадам өзені бойында орналасқан Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметіне бағынысты жол-патрульдік полиция полкінің стационарлық бекетінің қызметкерлері адамдардың көмекке шақырған дауысын естиді. Стационарлық бекеттегі полицейлер дереу оқиға орнына барады, барған кезде, көшедегі азаматтар өзенге қарай бағыттап, 13 жастағы жасөспірімнің батып бара жатқанын көрсетеді. Тәртіп сақшылары сол сәтте-ақ көмек беруге жүгіреді. Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметіне бағынысты жол — патрульдік полиция полкінің полицейі полиция сержанты Е.Айтмұхамедов суға сүңгіп, батып бара жатқан жасөспірімді өзеннен аман алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді. Полицейлер кейіннен аман қалған сөйлеу мүмкіндігі шектеулі жасөспірім Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам елдімекенінің 2004 жылы туылған тұрғыны екенін анықтады. Жасөспірім өзенге аяқ киімі түсіп кетіп, соны алмақ болған кезде суға құлап кеткен. Өзеннің ағысы қатты болғандықтан, өз күшімен жағаға шыға алмаған. Полицейлер жасөспірімді полиция бөліміне жеткізіп, мән-жайды түсіндіріп, кейіннен үйіне апарып, туыстарына табыстаған. Осы оқиғаның негізінде, ҚР ІІМ-не мемлекеттік наградаға ұсынған болатын.
Тәртіп сақшыларының басты міндеті қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алудағы адал және шынайы жұмыс атқару болып табылады. Полиция қатарында осындай батырларымыз барына мақтан етеміз!