Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 17 турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода ға біздің Шымкенттік спортшылар да қатысып жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
ММА спорты әлемдік аренада өзіндік орны бар жекпе-жек түрі болып табылады. Біздің өңірде де бұл спорттың түрі кеңінен таралып келеді. Сөзімізге дәлел болса керек, біздің жерлесіміз 18 жасар Алдияр Анарбаев Алматы да өткен OCTAGON халықаралық турнирінде алғашқы дебюттік кездесуін аса тәжірибелі 35 жасар Берік Шыналиевпен кездесіп жеңіске жетті.
Бекзат Жалал – Аға бапкер: «Жарыс екі кезеңмен аяқталды. Бірінші раундтты біз қарсыластымызды бағалап, бағамдап көрдік. Брақ, 2-ші кезеңде қарсыласымыз өрескел қателікке бой алдырып, қуық астынан 6 рет соққы жасады. Оны видеодан да байқасаңыздар болады. Берік өте тәжірибелі спортшы неге олай жасағанын. Дегенмен Бейбіт 35 жасар спортшы ғой. Оның бапкеріне және өзіне кездесуге шықаннына алғыс айтамын».
Алғашқы дебюттік жарысын Алдияр Анарбаев сәтті бастады. Олай дейтініміз Алдиярдың қарсыласы Берік Шыналиев әлемнің екі дүркін чемптоны болып табылады. Азия чемипионатының да жүлдегері. Жас ерекшелігі де бар. Дегенмен Алдияр дайындықпен өзіне деген сенімнің арқасында жеңіске жетті.
Айта кетейік, жарыстың басты кездесуінде қазақстандық екі файтер — Карим Рузбакиев пен Айболат Мұратұлы кім мықтыны анықтады. Файтерлер жартылай ауыр салмақта чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Кездесудің басым бөлігінде 20 жастағы Рузбакиев белсенді болды. Карим қарсыласын партерге құлатып, ұпай жинауға тырысты. Осылайша, Карим Рузбакиев карьерасында алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Айболат болса, үшінші рет жеңіліп отыр.